Кітапта Мұхтар Бақытұлының әр жылдары баспаларда жарияланған, Ұлытау тарихы тақырыптағы тарихи тұлғалар мен оқиғалар туралы мақалалары жинақталған.
Streak, статистика, достар — тегін баста
«Ай мен Айша» шығармасына рецензия «Ай мен Айша» — адам тағдыры, ана махаббаты, туған жерге деген сүйіспеншілік және қиын кезеңдегі халықтың өмірін суреттейтін әсерлі шығарма. Шығармада жеке адамның тағдыры арқылы сол дәуірдің ауыртпалығы, адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы кеңінен көрсетіледі. Маған шығармадағы ең әсерлі тақырыптардың бірі — туған жерге және Отанға деген махаббат. Адам қай жерде жүрсе де, өзінің туған жерін, балалық шағын, туған топырағын жүрегінде сақтайды. Туған жер кейіпкерлер үшін жай ғана мекен емес, олардың өмірінің, естелігінің және рухының бір бөлігі ретінде көрінеді. Отанға деген сүйіспеншілік қиындық кезінде де жоғалмайды. Керісінше, туған жердің қадірін түсінуге себеп болады. Шығармада адамдардың бойындағы жауыздық пен мейірім де қатар суреттелген. Қиын заманда кейбір адамдар өз пайдасын ойлап, әлсіздерге қатыгездік көрсетеді. Мұндай әрекеттер адамның бойындағы ашкөздік пен мейірімсіздіктің қандай зардап әкелетінін көрсетеді. Алайда шығармада тек жауыздық қана емес, адамдықтың биік үлгісі — мейірім, жанашырлық, адалдық және бір-біріне қолдау көрсету де бар. Қиындыққа қарамастан адамдардың бір-біріне көмектесуі адамгершіліктің әлі де жоғалмағанын аңғартады. Айша бейнесі арқылы ананың балаға деген шексіз махаббаты мен төзімділігі ерекше байқалады. Ол қиындыққа мойымай, баласының болашағы үшін күреседі. Оның бойындағы қайсарлық пен мейірім оқырманға үлкен әсер қалдырады. Ана жүрегінің күші шығармадағы ең маңызды құндылықтардың бірі деп ойлаймын. Шығарманы оқи отырып, адам өміріндегі қиындықтар оның мінезін де, адамдық қасиетін де танытатынын түсінуге болады. Бір адам қиындықта қатыгездікке барса, екінші адам керісінше мейірімділігін сақтап қалады. Сондықтан шығарма оқырманды қандай жағдайда да адам болып қалуға, туған жерді қадірлеуге, жақын адамдарды бағалауға үндейді. Менің ойымша, «Ай мен Айша» — өткен тарихты ғана баяндайтын шығарма емес, бүгінгі адамға да ой салатын туынды. Ол бізге туған жердің қадірін білу, Отанды сүю, ананы құрметтеу және қандай қиын кезең болса да мейірімділікті жоғалтпау керектігін үйретеді. Шығарманың басты құндылығы да осында деп есептеймін.
Қалай ашса болад ашылмайды оқысақ десек
Қалай ашады кітапты😁
Ашылмайды
Ең сүйікті шығармаларымның бірі. Шерхан Мұртазаның балалық шағынан оқиғалар. Бұрынғы сонау 1932 жылдан бастап, халықтың хал-жағдайы баяндалған.Айшаның ерік-жігері, жалғыз басты ананың әке орнына әке, ана орнына ана болып, нәзік жанды жан болып туылғанымен, осындай ауыр жағдайда барлық ер кісінің істейтін қызметін өзі атқарғаны туралы.Қиын заманды көріп, осы заманда дүниеге келгеніне шүкір еткен боласың. Барсханның әр нәрсеге деген үңіліп терең ойлары, туған туыстың бір-біріне қамқорлығы, ит мінезді ауыл басшылары, соғыс — осының барлығы осы шығармаға сыйып, өте керемет бейнеленген.
Шерхан атамыздың балалық шағын Барсхан кейпінде көзге ыстық жас әкеле отырып суреттейтін тамаша шығарма. Шығармада ананың бүкіл болмысы, мейірімі және баласына деген кіршіксіз махаббаты бейнеленеді. Оқуға кеңес берер шығарма📖
Ай мен Айша Ш. Мұртаза Бұл кітап мені басынан ақ өзіне баурап алды.Барсханның(Шерханның)және оның анасының тағдыры.Жастайынан әкесінен айырылған Барсхан және 3 баламен жалғыз қалған Айша күн демей түн демей қаншама қиындық көрседе Құдайға ешбір шағымын айтпай өсірді.Құдайдың бір күні Мұртаза келіп қалар деген үміті болды Айшаның бірақ орындалмады. Қу заман.Өңшең тәкәппарланған адамдардардан сөз естіседе ол берілмеді. Және де кітаптың ішінде менің бір түсінгенім туысқандар.Оларды да бағалай білу қажет.Қандаай қиын кездерде туысқандары желеп жебеп көмектесті.Көп көмектері тиді десем болады. Кітапқа басыммен кіріп кеттім бар жоғы 14 күнде бітірдім.Бір өкініштісі мен тағыда Барсханның үйленгенін, бақытты болғанын оқығым келіп еді алайдааа бітіп қалды😁Барлық адамға оқуға кеңес беремін.Ауыр емес,фантазия емес өмірден алынған өтее көремееттт 100000000000/10🤍🤍✨
Бұл дүниенің біз білмейтін жұмбағы көп. Дүние о басында түп-түзу, дұрыс жаратылса керек. Бірақ кейін-кейін күштілер шыққан,әлсіздер шыққан. Әділетсіздік содан туған. Шын әділет – тепе-тендік. Адамдардың бәрі тең болуы керек. Ал адамдарда ондай теңдік бар ма? Біреу семіз, біреу арық. Әлемнің терезесі тең емес. Біреудікі биік, біреудікі аласа, ал біреудің терезесі шынысыз, қозы қарын ғана қампаяды. Ендеше, шын әділет еш уақытта, еш заманда да болмақ емес. Қазіргі әділет, әділет деп жүргеніміз – соның жұрнағы ғана.
Бұл кітапта Шерхан Мұртазаның балалық шағындағы қилы кезеңдер баяндалған. Халық жауы деп жалған жала жабылып Сібірге айдалған немесе атылып кеткен боздақтардың, артында қалған бала шағаларының ,әйелдерінің соғыс жылдарында соғыстан кейінгі жылдардағы қиын өмірі сипатталған .
Бұдан 4–5 ай бұрын жұмыс істеп жүргенімде «эх, бір демалсам ғой» деп армандай беретінмін. Сол арманым орындалған сәтте өзімді күтпеген жерден қоғамнан шеттеп қалғандай сезіндім. Күндер өте келе жаным алай-дүлей болып, ойым сан-саққа жүгіріп, байқаусызда күйзеліс деген күйге тап болыппын. «Үйде отырған әйелге қара энергия жиналады» деген рас па, білмеймін, бірақ әр нәрсені ойша ауырлатып, жаманға жоруға бейім болып кеткенімді аңғардым. Дәл сондай шақта Жаратқан маған: «Арманың – тыныш отырып кітап оқып, біліміңді арттыру еді. Жақсы ана болсам деп едің. Ендеше, бойыңа біткен сәбиді дәл қазірден тәрбиеле. Бала жақсы болсын десең, әуелі өзіңді тәрбиеле», – деп ишара білдіргендей болды. Дүкеннен “Ай мен Айша” кітабын алып қойғаныммен, күнделікті күйбең мен телефондағы қажетсіз дүниелер мені оқудан алыстатып, алтын уақытымды босқа өткізіп жүре бердім. Ақыры ар-ожданым тыныштық бермей, кітапты қолыма алуыма себеп болды. *Кітапты оқып отырып тоқтағым келмеді. Себебі онда мені көптен мазалаған сұрақтардың жауабы бар еді. Қолдан жасалған қаланың заңына бағынғым келмейтіні рас. Еркіндік сіңген қан даланың мамыражай аңсарын оятып тұрады. Бірақ заманға ілесу үшін қала тәртібі мен тіршілігін қабылдауға мәжбүрміз. Екеуін қатар алып жүре алғандар бақытты шығар, ал біз болсақ әлдебір бақыттың елесінен айырылып, телефонға телміріп жүрген бір бейбаққа айналғандаймыз. 😀 “Ай мен Айша” маған жан тыныштығын сыйлаған кітап болды. Ішкі күйзелістен шығар жолды көрсетті. Айшадай мейірімді, парасатты ана болсам деген ынтызарлық оятты. Армандарым қайта көктеп, жүрегіме сәуле құйды. Шынымен де, жаныма сая болған, өміріме тыныс берген кітап.