Streak, статистика, достар — тегін баста
Өткен ғасырдағы кәмпескелеу, коллективтендіру, қуғын-сүргін, ашаршылықты бейнелік түсінгісі келетін әрбір қазақ оқуы тиіс.
Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы – 1931–1933 жылдардағы алапат ашаршылықтың қасіретін жүрекке жеткізе суреттеген туынды. Бұл шығарма жай ғана тарихи кезеңді баяндап қоймайды, сол зұлмат жылдардың тірі куәсіндей болып, оқырманын сол заманның ауыр тынысымен бетпе-бет әкеледі. Романды оқи отырып, аштықтан бұралып, тіршілік үшін арпалысқан бала-шағаның, шарасыз күйге түскен шал-кемпірдің, жазықсыз жапа шеккен ер азаматтардың жан азабын терең сезінесің. Әсіресе Пахраддин мен Сыраның тағдыры жаныма қатты батты💔 Бұл роман – өткеннің қасіретін ұмытпауға шақыратын, тарихтың ащы сабағын санамызға сіңіретін шығарма. «Ақ боз үйді» оқығаннан кейін мен халқымыздың бастан кешкен ауыр тағдырына тереңірек үңіліп, бейбіт әрі тәуелсіз өмірдің қадірін бұрынғыдан да жақсырақ түсінгендей болдым.