Streak, статистика, достар — тегін баста
Ерекше махаббат хикаясымен танылған бұл кітапты мен тарихи контексті үшін ұнаттым. Оқиға желісі грузин, әзірбайжан, армян халықтарының 1917 рефолюция кезінде орын алды. Өз жері үшін соңына дейін күрескен бұл халықтардың ерліктеріне тәнті болдым. Әсіресе Бакудің кезінде Азия қаласы ретінде сақтап қалғысы келгендігі туралы жазылған. Оған қоса діндер қақтығысы, мұсылман мен христиан қызының арасындағы неке кейінгі ұрпақтарына қалай әсер ететінін көрсетті. Дегенмен басты кейіпкер өзінің ақырындап еуропалыққа айналып бара жатқанын мойындаса да Отаны үшін мәңгілік борышын ақтады.