Streak, статистика, достар — тегін баста
Жюль Верннің «Әлемді 80 күнде шарлау» оқиғасы шытырман оқиғаға толы. Бұл шығарманы оқып жатып, Паспартудан қатты уайымдаған шығармын. Соңы мүлдем күтпеген, ғажайыппен керемет аяқталған кітаптарымның қатарына қосылды. Осынша уақытқа ұқыпты адамды бірінші рет кітаптан көруім. Мен үшін Фогг мырзаның еш нәрсеге қызықпайтыны, сабырлығы, жақсылық жасаудан мүлдем бастартпайтыны және өз қаражатын адамдардан аямайтын мінез-қасиеттері ұнады. Паспартудың адалдығы мен шынайылығы да ерекше әсер қалдырды. Оқиға желісі бір сәтке де жалықтырмайды, керісінше, әрі қарай не болатынын білгің келіп, тоқтамай оқи бересің. Кейіпкерлерімен бірге уайымдап, бірге қуанып, әрбір сәтін ерекше сезінесің. Сондықтан, осындай ләззат алып оқитын, шытырман оқиғаларға толы әрі соңына дейін қызығушылықпен жетелейтін кітап іздесеңіздер, бұл шығарма сіздерге дәл келеді. Бұл кітап тек қызықты саяхат емес, сонымен қатар сабырлылықтың, дәлдіктің және адамгершіліктің үлгісін көрсеткен әсерлі туынды деп айта аламын. ☺️
Расында Филеас Фоггтың қолында бәске тігілген 20 мың фунт стерлиңнен ештеңе де қалмады Бірақ, оның жанындағы адал жан-жары сол байлықтан да қымбат емес пе?