Streak, статистика, достар — тегін баста
Жіңішке аурумен ауырған адамды басынан сипау – жіңішке арудың басынан сипау емес. Жіңішке аурудың тұтқыны болған жан иесін аяу. «Күнәһармен емес, күнәнің өзімен күресу керек», – деген әулие М. Ганди. Күнәдан жиіркенбейтіндер күнәмен ешқашан да күреспейді. — 44-бет
Биологтар ұзақ уақыт қабыландардың өз күшіктерінің аузынан тамақты тартып алып жейтін әдеттерін хайуани тағылық деп бағалап келген. Бірақ кейін мүлде басқа нәрсе анықталған. Қабыландардың балалары қомағай болғандықтан, сырттан біреу тоқтатпаса, тойғандарын білмей, күпті болып өліп қалады екен. Қабыланның өзі болса, генетикалық жад арқылы мұны жақсы біледі. Сол себепті артығын жегізбейді. ("Парасат майданы ") — 39-бет
Төңірегіңде қасіретіңді бөлісетін, тіршіліктегі әр сәтіңе қуанатын қалың қауым қаумалап тұрғанда ешқашан да өзіңе өзің қол жұмсай алмас едің... Адамның жұлын-жүйкесінің қайғы-қасіретке төтеп бере алмауы жан азабын бөлісетін жақын жанның жоқтығынан. Ондай кезде жалғыз әміршің - Жалғыздық. Ғашығындай жабысқан, түнде түсіңде, күндіз ісіңде серік болған, жатырлас сыңарың Жалғыздық—енді сенің тағдырың... Жалғыздыққа кеткен қайратыңның жүзден біріне қыруар ерлік жасауға болар еді. Жалғыздықтан құр сүлдері қалып қажыған қанша адам ерлік жасамақ түгілі, қарақан басын әрең алып жүр. ("Парасат майданы ") — 34-бет
Жер бетіндегі тіршіліктің мәңгілігінің өзі мәңгі дамуға негізделген. ("Парасат майданы ") — 31-бет
Бостандық біреуге залалың тимейтін жерге дейін ғана бостандық, одан әрі — қиянат. ("Парасат майданы ") — 29-бет
Ескі ұғым, ескі қағида, ескі дағды біздің ақыл-ойымызды буып, шындық пен ақиқаттың жғзін дұрыс көрсетпейді. ("Парасат майданы") — 26-бет