Airplanes

Аэропорт

Артур Хейли

📖 1 оқырман оқыды · 1 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Оқырман пікірлері (1)

Артур Хейлидің ауқымды “Аэропорт” романы арқылы автормен алғаш таныстым. Менің дүниетанымыма жаңадан келген ең ерекше, мықты авторлардың бірі ретінде есте қалады. Басқа да шығармаларын толығырақ зерттеуге асығып отырмын. 606 бет кітап аяқталғанымен, мен үшін “Аэропорт” хиякаясы енді ғана басталғандай сезім. Бұл роман 1968 жылы жарияланған. Екі жыл өте, 1970 жылы роман негізінде фильм түсіріліп, ол фильм “Оскар” премиясының 10 бірдей номинациясын қатар жеңіп алған. Роман сюжетінің соншалықты қызық екенін, психологиялық, биік мораль тұрғысынан да, техникалық ақпараттандыру жағынан да көп туындыдан әлдеқайда алда екенін осыдан-ақ байқай беріңіз. “Аэропорт” романының 606 бетін оқып, мен бас-аяғы 6 сағат ішінде ғана өткен оқиғаның куәгері болдым. Тек оқиға емес: - әр маңызды кейіпкердің жан арпалысы мен жұмыстағы бір минутының өзі адам өміріне татитын жауапкершілігі арасындағы бітпейтін күрес; - кейіпкер кешіп жатқан сансыз ойлардың барлығын жасырмай, керісінше оқырманның жан-дүниесінің тереңіне сүңги отырып сипаттағаны, кітаптағы әр адам тағдырын, қайғысы мен мұңын бояусыз, бірақ үлкен шынайылықпен түсіндіретіні - сөз жетпес шеберлік. Әр кейіпкерді жақынымдай түсініп, жай ғана үлкен құрметке лайық жандар деп жақсы көре алдым. Кітапты толық, шексіз сезіне алдым. Жұмысыңды шексіз сүйіп, шеберлікпен атқару - бақыт. Ал дәл сол қызметте іштей сонша шаршағаныңды, жек көретініңді өз алдыңда да мойындауға батылың бармай, ойларыңнан, бәрінен қашып жүріп автоматты түрде мінсіз атқара беру - қажытатын, өмір бойы баяу мүжіп келіп күйрететін қайғы екен. Өз жаныңды түсіне алу, тым болмағанда өзіңмен шынайы болудың сондай маңызды екеніне тағы бір көзім жетті. 6 сағат ішінде болған оқиғаны 606 бетке сыйғызып, 60 жылға татитын азық бере алған авторға алғыс, құрметім шексіз. Барша оқырманға артық ойсыз, барыммен ұсынамын. Оқырман: @aijanalqabek