Абай жолы

Мұхтар Әуезов

Қазақ әдебиетінің ең ірі туындысы. Ұлы ақын Абайдың өмірі мен дәуірін суреттейтін роман-эпопея. Дүниежүзілік әдебиеттің шедеврі.

📖 10 оқырман оқыды · 2 бітірді
PARAQTA-да оқу →

Streak, статистика, достар — тегін баста

Оқырман пікірлері (1)

"...Бас-басына би болған өңкей қиқым, мінекей, бұзған жоқ па елдің сиқын..." Қиқымы сол басын таудай көріп, Құдай берген дәулет себебінен болған жуандығымен кішік халықты басып отырса... Ағайындыққа қарамай, өз сәті үшін адамның ала жібінен аттаудан тартынбаса... Тасыған дәулетіне тағы сараңдығы қосылса... Демі құрып, табаланғандықтан, жаңа кәсіпті медет тұтқан қара халықты "орыстандыңдар" деген өтірік намыспен тағы аздырса... Өз жуандығы ақиқатты жасайды деп сенсе... Енді ойлаңыздар, осындай "қиқымның" арасында иен далада жалғыз қалған Абай қайтті? Бұл үшінші том – Абайдың жүйрік ойлы Құнанбай баласынан қара халықтың жалғыз арқа сүйер азаматына айналған бейнесі. Бұрынғы жастық көңіл, сол көңілді жібітер махаббат не сергітер ән-күймен болған ойын-сауық жоқ. Бұл сезімдер енді халық жайының мұңымен алмасқан. Бұл том автордың кейіпкерлерге салған салмақты ойларымен ерекшеленді. Өткен екі томдағы жасы үлкен ескінің адамдары емес, бұл жолы жастарды көп қозғайды. Сол себепті ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ара-жігі ашылғандай. Бұған дейін интриганың көбі Абай айтқан қиқымдар тарапынан болса, бұл кітапта Абайдың тәрбиесіндегі сол жастар қозғаушы күшке айналады. Осы арқылы Абайдың болашаққа артқан үміті де ортаға тасталады. Ал сол үміт ақталады ма? Осы мәселенің өзге қырын кітаптың ең соңғы сөйлемдерінен біле аласыздар) Үшінші том алдыңғы екеуіне қарағанда көп жақты болып сезіледі. Бұған дейін желідегі негізгі қозғаушы күш Абай болмағандығы, енді ғана ел ағасы атанғандықтан бар мәселе оны айналып қоймағандықтан ба әлде көптеген жаңа кейіпкерлердің енуінен бе, не болса да автордың бұл жолғы желіні баяндауы бөлек көрінді. Шынымды айтсам, араға жарты жылдан астам уақыт салып үшінші кітапты қолға алып едім. Мүмкін уақыттың да әсері шығар. Десе де оқиға желісінің өрісі тұманданып бара жатыр. Тұманданып дегенім – жай-күйдің ауырлап, салмақтануы. Жоғарыда айтқанымдай, бұрынғы ойын-күлкі жоқ. Осы тұжырыммен төртінші кітапта шамамен не нәрселер орын аларын біліп тұрғандаймын. Жалпы, "Абай жолын әрбір қазақ оқу керек" деген таптаурыннан аулақпын. Бірақ кім қазақ бола тұра өз халқының тарихын, тарихтағы ахуалын және ғұрпын білгісі келсе, "Абай жолы" романы тек "Мені аш та, оқы" деп тұр. Себебі автор өз шеберлігімен бұл романға қазақ халқының болмысын алып, таңып қойғандай. Оқысаңыз, сезіледі. Егер жоспарыңызда болса, сәттілік.